Алматы облысында балалар адам шошырлық жағдайдағы мектеп-интернатта тұрып келген

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы облысы «Балалар қорғауда» қорының жетекшісі Жанна Ахметовамен бірге И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаттадағы балалардың өмір сүру жағдайын зерттегенін хабарлады.
Закиева интернатта 6 жастан асқан 170 бала ауыр жағдайда өмір сүріп жатқанын айтады.
«Үш жыл бұрын мекемеде күрделі жендеу жұмыстары басталғанымен, мердігер оны аяктамай, жосыксыз деп танылды. Соның салдарынан балалар жартылай қираған ғимаратта тұруға мәжбүр, оқу корпусында түнеп, спортзалда тамақтанады, ал санитарлық-гигиеналық нормалар бұзылып отыр” деді ол Instagram парақшасында
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев балалар жақында жөндеуден өткен бос орындары бар басқа интернатқа көшірілетінін жеткізген.
Айта кетейік, Динара Закиева үйде ересек адамның қарауынсыз қалған балалар түрлі жағдайға тап болып жатқаннан кейін, 12 жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған.