«ҚазТрансОйл» теміржол цистерналарынан мұнай құю тарифін көтереді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«КазТрансОйл» повысит тариф на слив нефти из цистерн на 66,8%
«ҚазТрансОйл» мұнай ағызу тарифін қыбаттатады. Фото: «ҚазТрансОйл», бильд-редактор: Дастан Шанай

2025 жылғы 1 сәуірден бастап «ҚазТрансОйл» АҚ теміржол цистерналарынан мұнай құю тарифін 375 теңгеден 625,36 теңгеге дейін қымбаттады. Бұл туралы компанияның Қазақстан қор биржасына жолдаған ақпаратында жазылған.

.Бұл өзгеріс «Ақтау» бас мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарынан мұнай құю қызметіне қатысты.

Жаңа тариф – 1 тонна үшін 625,36 теңге (ҚҚС-сыз). Бұған дейінгі тариф 375 теңге еді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста болған. Бұл шешімге 2025 жылғы 25 ақпандағы №14 бұйрық негіз болды.

«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау үшін «Ақтау» бас мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарынан мұнай құю жөніндегі қосымша қызметке тариф 2025 жылғы 1 сәуірден бастап өзгереді. Жаңа тариф 1 тонна үшін 625,36 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды», – делінген хабарламада.

2024 жылдың 9 айында «ҚазТрансОйл» компаниясы 31,6 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 4,9% төмен.

ҚТО 2001 жылы Үкімет қаулысымен құрылды «ҚазТрансОйл» акцияларының 90% акциясы «ҚазМұнайГазға» тиесілі («Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы). Қалған 10%-ын миноритар акцинерлердің қолында. Олар «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында сатылған.

Сондай-ақ оқыңыз