АҚШ тарихында алғаш рет: Трамп ағылшынды мемлекеттік тіл деп бекітуді көздеп отыр

Дональд Трамп АҚШ-та ағылшын тілін ресми тіл деп жариялайтын жарлыққа қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақ үйдің үш өкілі CNBC арнасына хабарлады.
Құжат бойынша, Трамптың жарлығы 2000 жылдың тамыз айында бұрынғы президент Билл Клинтонның шығарып, федералды агенттіктер мен басқа да мемлекеттік қаржы алушылардан ағылшын тілін жақсы білмейтін адамдарға қызмет көрсетуін талап еткен директиваны жоюды көздейді.
«Жарлық федералды агенттіктерге қазіргі саясатты сақтауға және құжаттар мен қызметтерді басқа тілдерде ұсынуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Алайда, құжатта сонымен қатар, ол «жаңа американдықтарды ұлттық тілде сөйлеп, үлкен мүмкіндіктерге жол ашуға» ынталандыратыны атап өтілген», — деп хабарлады басылым.
АҚШ өз тарихында 250 жылдан астам уақыт ішінде ешқашан ұлттық тілге ие болмаған. Ағылшын тілі — елденегізгі тіл. Екінші орында испан тілі тұр. Онымен 65 миллионнан астам адам (қоныс аударушыларды қосқанда ел халқының шамамен 19%-ы) сөйлейді. Үшінші орында — қытай тілі.
2025 жылы 20 қаңтарда Трамп өзінің инаугурациясында төтенше жағдай жариялап, мигранттар ағылып келіп жатқан Мексика шекарасына әскер жіберуге, миллиондаған мигранттарды елден шығаруға уәде берген болатын.