Трамптың баспасөз қызметі АҚШ-тың Украинаға ақша беруден «шаршағанын» мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Fox News арнасына берген сұхбатында, америкалықтардың Украинаға миллиардтаған қаражат жұмсаудан шаршағанын мәлімдеді.
«Біз бұдан былай ұзақ уақытқа созылған соғысқа қаражат беріп, бос чектер беруді доғарамыз. Президенттің де тілегі осы», – деді Левитт.
Трамптың хатшысы Зеленскийдің дөрекілік танытқанын айтып, Украина басшысына өз позициясын өзгертіп, АҚШ-қа алғыс айтуы керек екенін ескерткен.
Ал мұның алдында The Washington Post басылымы Трамп әкімшілігінің Украинаға берілетін барлық әскери көмекті тоқтату жолдарын қарастырып жатқанын хабарлады. Басылым өзінің дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Украинаға жөнелтілуі тиіс миллиардтаған долларға бағаланатын радарлар, көліктер, оқ-дәрілер мен зымырандарды жіберуге тосқауыл қойылуы мүмкін екенін жазған.