Jigitter тобы, Kalifarniya, BLUE тобының кеші және Queen Show – алдағы аптада қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

Көктеп келіп, күн жылынып, көпшілік ойын-сауықтық көңіл күйге бөленді. Мұндайда билегің келеді, ән салғың келеді, сүйікті әншіңнің концертіне барып, жайма-шуақ күндерді одан әрі жылы еткің келеді. Kursiv Media дәл осы сезімде жүрген оқырмандарына арнап алдағы аптада өтетін ең қызық іс-шаралардың тізімін әзірледі.
Jigitter тобының ән кеші
Көкшетау қаласы
10 наурыз
Поп жанрындағы шығармаларды орындайтын музыкалық вокалдық квартет, көптеген танымал әннің орындаушылары Jigitter тобы Көкшетау қаласына жол тартты. Құрамын жұрт жатқа танитын «Жігіттер» тобы 20 жылдан астам Қазақстанның түкпір-түкпірінде гастрольдік сапар беріп, халықтың көңілін тауып, өнер көрсетіп келеді. Төрт жігіттен құралған бұл ұжым елдегі ең ұзақ және ең табысты шығармашылық одақтардың бірі деуге болады. Бүгінде қазақ эстрадасының көгінде жұлдыздары жарқырап, көпшіліктің көзайымына айналған «Жігіттер» квартеті өнер әлемінде өз орнын тауып, xалықтың үлкен қошеметіне бөленіп, көпшіліктің сүйіктісіне айналған.
Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Махановтан құралған топтың репертуарында төрт үнтаспа, 10-ға жуық бейнебаян, 80-ге жуық ән бар. Ал олардың 2000 жылдардың басында түсірілген «Ерке қыз» , «Арман-ай» бейнебаяндары әлі жұрт жадында. Олардың «Ақ босаға» әні қосылмастан әлі күнге бірде-бір той өтпейді. Бұл жаңадан отау көтерген барлық ғашықтың гимніне айналған ән деуге де болады.
«Жігіттер» тобы Көкшетаудағы қалың алдағы аптада концерт бермек.
Кеш қаладағы Көкшетаудағы мәдениет үйінде өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.
Kalifaniya ән кеші
Орал қаласы
10 наурыз
Жанрлар мен жүректерді біріктіретін музыканың сиқырын сезінуге дайынсыз ба? Kalifarniya сізді өміріңіздегі ең ғажап, ұмыытылмас концерттің куәсі болуға шақырады.
Оның стилі хип-хоп, R&B және поптың қоспасы ғана емес, Фархаттың кез келген әні тыңдарманды алғашқы секундтардан бастап-ақ қызықтырып әкететін нағыз музыкалық эксперимент деуге болады.
Калифарнияның соңғы тректері лезде хитке айналып, чарттардың алдын бермей, әлеуметтік желілерде де трендке айналып жүр.
Көпшілік оға жаңа ұрпақ үні деп те баға беріп жүр. Орал қаласындағы концерт оның әндерін жанды дауыста тыңдап, рухани серпілуге мүмкіндік береді.
Осы музыкалық шараның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Концерт Оралдағы «Атамекен» концерт залында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.
BLUE тобының кеші
Алматы қаласы
12 наурыз
2000 жылдардың басында танымал болып, 2000 жылы құрылған британдық Blue поп-рок тобын қазақстандықтар көп күтті. Ли Райан, Дункан Джеймс, Саймон Вебб және Энтони Коста қосыла шырқайтын бұл квартет талайлардың жүрегін жаулап, олардың әндері мәңгілік хитке айналып үлгерді..
Blue тобының алғашқы көпке кеңінен танылған әні 2001 жылы шыққан «All Rise» болды. Бұл ән оларға орасан зор атақ әкеліп, көптеген елде хитке айналды. Олардың музыкасының ерекшелігі әнде поп, рок және R&B жанрларының бірегей үйлесімі тапқанында еді. Сол үшін де олардың әні де өміршең болып шықты.
12 наурыз күні осы танымал топ Алматы төрінде ән шырқап, тыңларманын ностальгияға бөлейді. Концертке билет алып, сүйіп тыңдайтын «One Love», «All rise», «Sorry seems to be the hardest word» және басқа танымал әндерін аңызға айналға әншілерге қосыла шырқаңыз.
Концерт Алматыдағы бас сахна – Республика сарайында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.
Баян Алагөзованың «QUEEN» шоуы
Астана қаласы
12 наурыз
QUEEN» шоу деп аталатын мюзикл – Қазақстанның ең танымал аруы, белгілі продюсер Баян Алагөзованың өмірі туралы сыр шертпек.
Бұл қойылым танымал тележүргізуші, актриса және продюсер атанған жұлдызымыздың шығармашылық жолын паш етеді.
Әртіс өмірінің ең жарқын сәттері баяндала отырып, көрермен назарына оның өмір жолдары бірінен кейін бірі ұсынылмақ. Осылай өрбіген оқиға желісінен көрермен продюсердің ар жобасының шығу тарихы мен даму кезеңдерін, қандай қиындықпен бетпе-бет келіп, тығырықтан қалай шыққанын да көре алады.
Мюзиклде Баян Алагөзова, Бағым Мұхитденова, Жарқынай Ханайым, KeshYou тобы, Жанар Дұғалова, Нұржан Тәжікенов, Ерке Есмахан, Ақбота-Нұр, BIDASH, Elizat, Назым Әбілдина, Жұлдыз Өмірғали, Abik Jeksen және Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың актерлері өнер көрсетеді.
Бұл шоу расымен бұған дейін болмаған теңдессіз шоу. Тіпті көрермен үшін де дресс код бар, оны ұстанғаныңыз абзал. Киім үлгісі: Black tie
Ғаламат кеш Astana Ballet ғимаратында өтеді. Басталуы 19:00-де. Кешке тек 12 жастан асқан адамдар кіре алады.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыз.
NE PROSTO SOLOISTS ұжымынан «LUDOVICO EINAUDI» концерті
Алматы қаласы
15 наурыз
NE PROSTO PRODUCTION ұсынады! Танымал ұжымның таңғажайып кешінен құр қалмаңыз! Алдағы аптада шығармашылық ұжым сүйікті тыңдармандары үшін жаңа бағдарлама – NE PROSTO SOLOISTS орындауындағы «LUDOVICO EINAUDI» атты концертін ұсынады.
Үжым көпшіліктің сұрауын ескеріп, заманауи классиканың сиқырына көмкерілген жаңа бағдарламаны әзірлеген, концерт Ludovico Einaudi, Yiruma, Max Richter мен Yann Tiersen шығармаларын сүйіп тыңдайтын өнерсүйер қауымды бейөжай қалдырмасы анық.
Сіздерді әр нота жүректі тербейтін таңғажайып кеш күтіп тұр. Орын саны шектеулі, сондықтан билет алуға асығыңыз. Ол үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.
Кеш 15 наурыз күні Республика сарайында өтеді, басталуы сағат 20:00-де. Осынау керемет кештен құр қалмаңыз.