Шығын көп, табыс аз. Төлем балансы дефициті – 4,4 млрд доллар

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан әлеуетін көрсететін төлем балансы дефициті 2025 жылы екі есе ұлғаюы мүмкін / фото: sutterstock

Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстанның 2024 жылғы төлем әлеуетін көрсететін баланс дефициті 4,4 млрд доллар болды. Елде шығын көп, табыс аз.

Бір жыл бұрын тапшылық көрсеткіші 8,7 млрд доллар еді. Дефицит екі есе қысқарғанына қарамастан, 2025 жылға арналған болжам көңіл көншітпейді.

Осындай мәліметтер Ұлттық банк жариялаған статистикадан алынды.

Шығын және табыс балансы

Төлем балансының қазіргі есепшоты – нақты бір елдің өз ішінде және басқа әлеммен байланысынан түскен табысы, тауары, қызметін көрсететін түрі. Төлем балансы оң болса, ел аз шығын шығарып, көп табыс табады. Ал қазіргідей теріс болса, онда ел көп шығындалып, аз табыс табады деген сөз.

Экономист Ғалымжан Айтқазиннің Tengenomika Telegram-арнасы 2024 жылы төлем балансындағы дефициттің екі есе төмендегенін былай деп түсіндірді:

«Төлем балансы дефицитінің 2024 жылы біршама азаюы негізінен бастапты табыс бойынша дефициттің төмендеуіне [2024 жылы -$21,4 млн, ал 2023 жылы -$25,8 млн], яғни Қазақстанның басқа да мемлекеттерге төлеуіне байланысты. Осыны ескеру маңызды, себебі төлем балансының басқа да көрсеткіштері 2023 жылғы деңгейде қалып қойды», – деп есептейді Tengenomika сарапшылары.

Шынымен, қызмет баланысы аздап жақсарған: 2023 жылы минус 1,97 млрд долларды, ал 2024 жылы минус 1,73 млрд доллар болған. Сауда баланысы да сол тәріздес: 19,4 млрд доллар және 19,9 млрд доллар.

«Төлем балансының қазіргі есепшотының нашарлауы 2024 жылғы 4 тоқсанға сәйкес келеді. Сол кезде сауда балансы бір тоқсанда 2,9 млрд долларға дейін кеміді. Бұған импорттың артуы себеп болды», – деп түсіндіреді сарапшылар.

Әдетте сауда балансы бір тоқсанда 5 млрд доллардеңгейінде сақталады.

2025 жылға болжам

Tengenomika мәліметінше, 11 наурызда Ұлттық банк сарапшылардың басын қосып, базалық мөлшерлемені талқылады. Сол жиында төлем балансына болжам жасалды.

«ҰБ болжамынша, төлем балансының қазіргі есепшотындағы дефицит 2025 жылы бұдан екі есе ұлғаяды«, – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ оқыңыз