Ақтау әкімінің орынбасары тағайындалған соң бір күннен кейін қызметінен кетті
Жарияланды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әсет Шопанов тағайындалғаннан кейін келесі күні жұмыстан кеткен. Бұл туралы жергілікті Lada.kz басылым жазды.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Әсет Шопанов қызметінен өз еркімен босатылғанын айтқан.
Оқиға өткен аптада болғаны анықталды. Әсет Шопанов Ақтау әкімінің орынбасары болып 3 наурызда тағайындалып, 4 наурызда жұмыстан кеткен.
Шопанов оқыс шешімнің себебін жария түсіндірмеді.
Бұған дейін Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары Тимур Сәдуақасов Өзбекстанда ұсталып, жуырда елге жеткізілген.