Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындары Хьюстонда талқыланды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен АҚШ энергетика министрі Крис Райтпен Хьюстонда кездесті / фото: t.me/Minenergokz

Қазақстан мен АҚШ энергетика министрлері CERAWeek-2025 конференциясы аясында кездесіп, Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын талқылады.

Министрліктің мәліметінше, 12 наурызда Хьюстонда халықаралық энергетика конференциясы аясында Алмасадам Сәтқалиев пен Крис Райт кездесті. Олар мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, екі ел арасындағы стратегиялық энергетика диалогын дамыту және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.

Министрлер Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ жобаларының іске асырылу барысын жан-жақты талқылады. Қазақстан осы жобаларға америкалық инвестиция, технология тартудың маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан мен АҚШ энергетика саласында стратегиялық серіктес. Біз өзара ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», – деп мәлімдеді Сәтқалиев.

Кездесуде Қазақстан мұнайын тасымалдау бағыттарын көбейту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сәтқалиев Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңыздылығын атап өтіп, оның дамуына АҚШ-тың қолдау көрсететініне сенім білдірді

Бұған қоса энергетика министрлігі кездесуде санкциялардың қазақ мұнайын әлем нарығына тұрақты түрде жеткізуіне әсері де сөз болды деп хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз