Бағасы арзан Geely Panda Mini электрокарының жаңа түрі таныстырылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Geely Panda Mini ойыншықтар әлеміндегі көлікке ұқсайды / фото: dongchedi.com

Шанхай қаласында өтіп жатқан ірі автокөрмеде жаңартылған, бағасы арзан Geely Panda Mini автокөлігін көрсетті. Ол Қытайда сәуірден бастап сатылып жатыр. Суреттерді dongchedi.сом порталы жариялады.

Сұранысқа ие электромобиль моделі алғаш рет екі жыл бұрын саудаға түскен. Бұл жолы өндіруші электрокардың бірнеше жерін өзгерткен.

Geely Panda Mini бағасы

2023 жылы алғаш рет автонарыққа шыққан уақытта шағын ғана көлік сол кезде 40 мың юань немесе шамамен 2,7 млн теңгеге бағаланған еді. Ал осы айда автобазарға шыққан жаңасы бар болғаны 49 900 юань немесе 3,5 млн теңге тұрады.

Бұл жолы Panda Mini автокөлігінің артқы жағына аэродинамиканы жақсартатын қанатша қосылды. Сол арқылы электрокардың автономды жүрісі артады.

Geely Panda Mini электрокарына аэродинамикалық қанатша орнатылған / фото: dongchedi.com

Шағын панданың басты ерекшеліктері

Panda Mini өте шағын автокөлік. Ол тар жолдарда, көлік тығынында да шапшаң қимылдай алады. Электрокар ұзындығы — 3085 мм, ені — 1522 мм, биіктігі — 1600 мм. Дөңгелегінің көлемі — 2015 мм.

Бағасы арзан болағына қарамастан, озық технологиялармен жабдықталған. Мысалы, сенсорлы экраны, цифрлы панелі, мультирөлі бар. Оны дыбыспен де басқаруға болады. Тауға шыққан уақытта көмектесетін жүйесі, қауіпсіздік жастықшалары, тұрақ радары, арт жақты көрсететін камерасы бар.

Электромобиль қуаты 210 шақырымға жетеді. Оны қайтадан 30 минутта қуаттауға болады. Жылдамдығы көп емес — бар болғаны 100 км/с.

Сондай-ақ оқыңыз