Банкаралық QR жүйесі нақты қашан жұмыс істей бастайтыны белгілі болды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Банкаралық QR жүйесі 2026 жылдың І тоқсанында нақты жұмыс істей бастайды.

Бұл туралы XIII Қаржыгерлер конгресінде Ұлттық банк Төрағасының кеңесшісі – цифрлық трансформация жетекшісі Бинур Жаленов айтты. Оның айтуынша, қазір банктермен келісім жасалған, техникалық мәселелер шешіліп жатыр.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар енді бірыңғай QR арқылы төлем жасай алады. Бұл жүйеде әзірге Қазақстанның ірі 6 банкі бар. Олар: Halyk, Freedom, RBK, Home Credit Bank, БЦК, Altyn bank. Жыл соңына дейін тағы үш банк қосылады.

Ал 2026 жылы бұл жүйемен елдегі бүкіл банк жұмыс істейтін болады. Жүйе Central Asia Fintech Summit 2025 саммиті барысында іске қосылды.

Сонымен қатар «Ұлттық төлем корпорациясы» қазақстандықтар шетелде жүргенде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігін енгізіп жатыр. «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Жанар Самаеваның Самаеваның айтуынша, бұл қызмет ішкі нарықтағы QR төлемдері секілді жеңіл әрі қауіпсіз болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз