Елде баспана бағасы өсе ме – министрдің жауабы

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Алматы жастар тұрғын үй бағдарламасы баспана
фото: shutterstock

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баспана бағасын құрылыс компаниялары көтеріп отыруы мүмкін деп болжам айтты.

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында министр өзі жетекшілік ететін ведомство жеке құрылысшылардың бағасына тікелей ықпал ете алмайтынын айтты.

«Яғни, сұраныс болса, сұраныс артса, онда оны нарық заңы реттеп, баға өзгереді. Егер пәтерге сұраныс жоғары болмаса, онда тағы да баға өзгеріске ұшырайды. Болжам жасау абырой әпермейтін іс. Қазір нарықтан дүрлігуді көріп отырмын. Демек, пәтерлерін тезірек сатқысы келетін құрылыс компаниялары тарапы нарықты дүрліктіріп отыруы ықтимал, – деді министр.

Нағаспаевтың сөзінше, халық тезірек пәтер сатып алуға тырысады. Министрді ңөзі пәтер бағасының 30-40 пайызға көтерілетініндей ешқандай алғышарт көріп отырмағанын атап өтеді.

«Көпшілік дүрліккен сайын сұраныс бағаға әсер етеді. Меніңше, қазір нарықты осы дүрлікпе сұраныс «қыздырып» жіберді. Оған менде, министрлік де ықпал ете алмайды. Әрине, біз әлеуметтік баспана бағасына ықпал ете аламыз. Ол жерде барлық бағаны бақылауға алып, баспана құнының көтерілуіне жол бермейміз, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Үкіметте брифинг жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз