Доллар апта ішіндегі ең төменгі деңгейге түсті
Жарияланды

Бейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың құны 489,52 теңгеге дейін арзандады. KASE дерегі бойынша бұл осы аптадаға ең төменгі жабылу (close) бағамы. Kurisv.Media мәліметінше, бүгінгі сауда-саттық көлемі 326,4 млн долларды құрады. Бұл сәрсенбідегі сауда көлемінен 72 млн долларға аз.
Мұнай бағасы теңгені нығайтуда
Күндізгі сессияда брент маркалы мұнай бағасы бөшкесіне 97-100 доллар дәлізінде сатылуда. Бұл теңгенің нығаюына қосымша күш беруде.
Еске сала кетейік, Иранның әскери қолбасшылығы 11 наурызда әлем мұнай бағасының барреліне 200 долларға жетуіне дайын болуы керектігін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Парсы шығанағында қоршауға алынған тағы үш сауда кемесі шабуылға ұшырағаннан кейін жасалды.