Қоғам

Үш бала қайтыс болған көпқабатты үй тұрғындары жылу жинауды жоспарлап отыр

Астанада өрттен үш бала қайтыс болды / көрнекі фото: Shutterstock

Астанада үш бала қайтыс болған көпқабатты үйдің тұрғындары зардап шеккен отбасы үшін ақша жинағалы жатыр. Мұны KursivMedia тілшісі әңгімелескен астаналық Аша Жақсығұлова айтты.

Сөзінше, көршілер болып, зардап шеккен отбасыға көмек көрсету үшін ақша жинауды жоспарлап отыр. Ақша пәтерді жөндеуге және емделуге жұмсалады.

«Төменгі қабаттағы тұрғындар да зардап шекті, пәтерлерін су басты… біз көмек беру жолдарын іздеп жатырмыз», – дейді Жақсығұлова.

Ол сондай-ақ жауапты мамандардан өрт кезінде қалай әрекет ету керек екенін үйретуді сұрады.

2026 жылдың 12 сәуірінде Астананың Есіл ауданындағы 21 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш бала қайтыс болды.