
2026 жылы Xinjiang Lihua қытай компаниясы Түркістан облысында 46,5 млрд теңгенің алты жобасын іске қосуды көздеп отыр. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Мақтаға құйылған миллиардтар
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейсенбі күні Kazakhstan Lihua компаниясының басшысы Сюй Цземен кездесіп, ірі инвестициялық жобаларды талқылады.
Отырар ауданына қарасты Қарақоңыр ауылында қытай ақшасына ашылған «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешеніне» барлығы 146,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның Сюй Цзе басқарады. Ірі өндірістік кешен мақта өсіруден бастап, оның өңдеп, дайын тоқыма және тігін өнімдерін шығарады.
Lihua Түркістан облысында 50 мың гектар тақыр жерді жалға алып, әр гектардан 60 центнер мақта алып отыр.
2025 жылы қытай компаниясы жалпы құны 100 млрд теңгенің бес ірі жобасын пайдалануға берді. Соның арқасында 1760 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биыл Lihua 46,5 млрд теңгенің тағы алты жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Әкімнің жеке қорғауында
Көшеров инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететінін, өңірдегі инвестициялық жобалардың бәрі әкімнің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.
«Маңызды жобалардың уақтылы әрі тиімді іске асуына қажетті барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз. Алдағы жоспарларыңыз бен өзекті мәселелерді бірге пысықтаймыз», – дейді облыс әкімі.
Оңтүстікте мақта кластерін дамытып жатқан Lihua қытай компаниясы бұған дейін инвестиция көлемін 600 млн долларға дейін жеткізетінін мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 14 желтоқсанда компанияның Темір ауылындағы мақта пункті өртенді. Ашық қоймадағы 260 тонна мақта жанып кетті. Kursiv.Media осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалмағанын анықтады. Өйткені шығынға батқан Xinjiang Lihua компаниясы, шығынға батқанына қарамастан, өртке қатысты арыз түсіруді жөн деп таппаған.