Lifestyle

«Алаяқтар» фильмін кейбір кинотеатрлар желісі прокаттан алып тастады

Фото: ресми парақша

Рүстем Омаровтың «Алаяқтар» (Мошенники) фильмін кейбір кинотеатр желісі прокаттан алып тастаған. Бұл туралы фильмнің әлеуметтік парақшасында жазылды.

«Көрермендердің зор қызығушылығы мен жоғары рейтингіне қарамастан, «Алаяқтар» фильмі Kinopark & Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің прокатынан алынды» – делінген хабарламада.

Фильм авторлары «бұл біз ықпал ете алмайтын жағдай» дейді. Дегенмен басқа да ірі кинотеатрлар желісінде фильм көрсетіліп жатыр.

«Алаяқтар» фильмі прокаттың алғашқы аптасында 326 млн теңге жинаған.