
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Құжат екі елдің экстрадициялау саласындағы ынтымақтастығын бекітеді. Енді Қазақстан мен Перу қылмыстық қудалау немесе үкімдерді орындау үшін іздеуде жүрген адамдарды бір-біріне бере алады.
Заңның мәтіні баспа басылымдарында жарияланады.
Бұған дейін қазақстандық қылмыскерлерді Кипр, Перу, Мысыр және Вьетнамнан қайтаруға болатыны белгілі еді. Қазақстанмен құқықтық көмек туралы халықаралық келісімдері бар елдерді электронды карта жасалған сайттан көруге болады.
Айта кетейік, осыған дейін Интерпол арналары арқылы іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазған едік.