Жаңалықтар

Арда Гюлер ауыр жарақат алды: әлем чемпионатына қатысуы екіталай

Арда Гюлер ауыр жарақат алды / фото: ашық дереккөз

«Реал Мадрид» клубы мен Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Арда Гюлер жарақатына байланысты биылғы маусымда алаңға шықпайтын болды. Бұл туралы әйгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо хабарлады.

Оның сөзінше, футболшының оң аяғының саны зақымданған. Ол ауыр жарақат деп есептеледі және емдеу үшін ұзақ уақыт керек.

Футболшы 2026 жылғы Әлем чемпионатына дейін айығуды жоспарлап отыр. Дегенмен дәрігерлердің айтуынша, мұндай жарақаттан емделу үшін кемінде 2–3 ай уақыт керек. Ал футболдан Әлем чемпионаты бір жарым айдан кейін яғни 11 маусымда басталады.

Бұған дейін Әлем чемпионаты қосымша билеттер сатылымға шыққаны туралы жазған едік. Айта кетейік, биылғы футболдан әлем біріншілігіне алғаш рет көршілес Өзбекстан құрамасы қатысады.

Сондай-ақ, АҚШ пен Иранның соғысының салдарынан Иран құрамасының да әлем чемпионатына қатысуы екіталай.