
Атырауда жолаушылар автобусы 9 жасар мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды HALYQSTAN Telegram-арнасы.
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 24 сәуірде сағат 18:00 шамасында болған. Қолда бар мәліметтер бойынша, 1964 жылы туған автобус жүргізушісі баланы қағып кеткен.
Зардап шеккен бала оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Бұл соңғы уақытта балалардың қатысуымен болған алғашқы жағдай емес. 6 сәуірде Атырауда көлік астына түскен бірінші сынып оқушысы қаза тапты. Ол Әл-Фараби атындағы Binom мектебінің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Бала оқиға орнында көз жұмды. Факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Айта кетейік, өткен 2025 жылы Қазақстанда ең көп жол апаты тіркелген. Яғни 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, 51 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2 330-ы қаза тапқан.