
Сәуір айының басынан бері мамандар Каспий теңізі аумағында 20 жер сілкінісін тіркеп отыр.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мониторинг деректеріне сәйкес, сәуір айының басынан бастап бүгінгі күнге дейін Каспий теңізінде 20 жер сілкінісі тіркелген.
Соңғы жерасты дүмпуі 26 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 22:09-да болды. Магнитудасы – 4,3. Ошақ 74 шақырым тереңдікте орналасқан.
Гипоорталықтың координаттары: 40°2′24″ солтүстік ендік және 51°36′0″ шығыс бойлық.
Эпицентрі Ақтаудан шамамен 405 шақырым жерде болған.
Мұның алдында Каспий теңізінде бір күнде үш рет жер сілкінгені белгілі болған еді.