
Бүгін, 29 сәуірде, футболдан Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында бес матч өтті. Ойын күнінің қорытындысы бойынша «Жеңіс», «Қызылжар», «Жетісу», «Тобыл» және «Қайсар» командалары жүлде үшін күресті жалғастырады.
ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ-2026 1/8 финал матчтары 29 сәуір
- ОҚЖЕТПЕС (Көкшетау) – ЖЕҢІС (Астана) 2:3 (1:1). Голдар: Ульшин 14 (0:1), Абдуманнонов 20 (1:1), Тұрсынбай 65 (1:2), Сантана 83 (1:3), Жаңғылышбай 90+4 (2:3)
- ЕРТІС (Павлодар) – ҚЫЗЫЛЖАР (Петропавл) 1:2 (1:1). Голдар: Сламбеков 23 (0:1), Тұрлыбек 30 (1:2), Галабов 59 (1:2)
- АТЫРАУ – ЖЕТІСУ (Талдықорған) 0:2 (0:0). Голдар: Бірқұрманов 48 (0:1), Йованович (0:2)
- АСТАНА – ТОБЫЛ (Қостанай) 1:2 (0:1). Голдар: Талал 7 (0:1), Әнуаров 80 (1:1), Жұмашев 87-пен (1:2)
- ҚАЙСАР (Қызылорда) – ҚАЙРАТ (Алматы) 2:1 (1:0). Голдар: Қалдыбеков 4 (1:0), Тәжібай 61 (2:0), Тұяқбаев 90+3 (2:1)
Күннің басты нәтижелерінің бірі «Қайраттың» Қызылордада жеңілуі болды. Алматылық клуб «Қайсардан» 1:2 есебімен ұтылды. Алаң иелері 4-минутта-ақ Ерсұлтан Қалдыбековтің голынан кейін есеп ашса, екінші таймда Батырхан Тәжібай басымдықты арттырды. «Қайрат» тек қосымша уақытта жауап қата алды – Азамат Тұяқбаев көзге түсті.
Сондай-ақ, өз алаңында «Тобылға» 1:2 есебімен есе жіберген «Астана» да турнирмен қоштасты. Қостанайлықтар 7-минутта Амин Талалдың күшімен есеп ашты, кейін Санжар Әнуаров тепе-теңдікті қалпына келтірді, бірақ 87-минутта Жасұлан Жұмашев пенальтиді сәтті орындап, қонақтарға жеңіс сыйлады.
Басқа матчтарда «Жеңіс» «Оқжетпесті» 3:2 есебімен ұтса, «Қызылжар» «Ертістен» 2:1 есебімен басым түсті, ал «Жетісу» сырт алаңда «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді.
Қазақстан Кубогы 1/8 финалының қалған матчтары ертең, 30 сәуірде өтеді. Бұл күні «Алтай» – «Ұлытау», «Ордабасы» – «Каспий» және «Ақтөбе» – «Елім-ай» жұптары кездеседі.
ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ-2026 1/4 финал
- ТОБЫЛ (Қостанай) – ҚАЙСАР (Қызылорда)
- ЖЕҢІС (Астана) – ҚЫЗЫЛЖАР (Петропавл)
- ЖЕТІСУ (Талдықорған) – ОРДАБАСЫ/КАСПИЙ
- АЛТАЙ/ҰЛЫТАУ – АҚТӨБЕ/ЕЛІМ-АЙ