
Иран мемлекеттік телеарнасы арқылы оқылған жазбаша үндеуінде Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Тегеран өзінің ядролық және зымырандық мүмкіндіктерін ұлттық актив ретінде қорғайтынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, ирандық қоғам елдің ғылыми-техникалық әлеуетін, соның ішінде ядролық және зымырандық бағдарламаларды, сондай-ақ, нано және биотехнологияларды мемлекет аумағымен тең дәрежеде қорғалуға тиіс ұлттық бірегейліктің негізгі бөлігі ретінде қарастырады.
Хаменеи, сонымен қатар, Парсы шығанағы мен Оман шығанағы аймағындағы елдердің «тағдыры ортақ» екенін айтты. Және бұл жерде АҚШ-тың болуы тұрақсыздықтың негізгі факторы болып табылатынын айтты.
«Американдықтар үшін Парсы шығанағындағы жалғыз орын – оның суының түбінде», — делінген мәлімдемеде.
Оның пайымдауынша, аймақтың болашағы АҚШ-тың қатысуынсыз дамумен және тұрақтылықпен байланысты болатынын қосты.
Мәлімдемеде, сондай-ақ, Иран тарапының бағалауынша, АҚШ алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алмағаннан кейін Ормуз бұғазы айналасындағы жағдайдың «жаңа кезеңі» басталғаны, сонымен қатар Иранның аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және стратегиялық су жолына жаңа басқару орнатуға ниетті екені айтылған.
Осыған дейін Пентагон өкілі алғаш рет Таяу Шығыстағы әскери жанжал шығынын атаған. АҚШ-тың Ирандағы соғысы әзірге 25 млрд долларға жеткен.