
Тұңғыш президенттің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы екі есе өседі. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжат жобасында көрсетілген.
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» президент жарлығына өзгеріс енгізу туралы жоба әзірлеген.
«Құжат жобасы 55 еселенген айлық есептік көрсеткішті (232 925 теңге) 110 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (465 850 теңге) өзгертуді көздейді», – делінген жоба сипаттамасында.
Құжат 2026 жылдың 18 мамырына дейін қоғамдық талқылауда болады.
Бұған дейін «Болашақ» стипендианттарының шәкіртақысы 10-15%-ға көтерілуі мүмкін екені айтылды.