Жаңалықтар

Санкт-Петербургтен Астанаға ұшатын тікелей әуе рейсі қайта жанданады

самолет ұшақ
Санкт-Петербургтен Астанаға үшатын тікелей әуе рейсі қайта ашылады/Фото: IATA

«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады. Тұрақты рейстер 3 маусымнан бастап жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайы хабарлады.

«Рейстер эконом және бизнес класта Airbus A319 лайнерлерімен орындалады. Жазғы кесте бойынша ұшу жиілігі аптасына үш рет орындалады», – делінген хабарламада.

Ұшу кестесі мынадай:

  • Астанадан ұшу: дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
  • Санкт-Петербургтен ұшу: сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясы 31 мамырдан бастап Астана мен Үрімші қалалары арасында қатынайтын тікелей рейс ашқан еді.