Жаңалықтар

«Қазгидромет»: Өскемендегі жарылыстан кейін ауада зиянды заттар көбейген

Казгидромет против «Казцинк»: в воздухе Усть-Каменогорска нашли превышения после ЧП
фото: Төтенше жағдай министрлігі

Өскеменде зауыттағы жарылыстан кейін ауада зиянды заттар көлемі көбейген. Ауа сапасына зерттеу жүргізген «Қазгидромет» мамандары осындай қорытындыға келді.

Мамандар ауадағы ластаушы заттардың құрамын анықтау үшін күкірт қышқылы, күкіртсутек, күкірт диоксиді, хлорсутек, азот диоксиді, азот оксиді және қалқыма бөлшектерге тексерген. Соның нәтижесінде ауада PM2.5, PM10, күкірт диоксиді, азот диоксиді, күкіртсутек және көміртек тотығы бар екенін анықталған.

«Бірінші нүкте – Белинский көшесі, 3 мекенжайы бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде хлорсутек бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден 1,8 есе артық екені анықталды. Екінші нүкте – Асқар тау көшесі, 11 мекенжайында мынадай артық көрсеткіштер тіркелді: күкіртсутек бойынша – 1,7 ПДК м.р., ал көміртек тотығы бойынша – 3,6 ПДК м.р. Үшінші нүкте – Широкая көшесі, 16 мекенжайында тікелей өлшеу әдісі бойынша шекті мөлшерден асу фактілері тіркелген жоқ», – деп жазылған зерттеу нәтижесінде.

Өскемендегі зауытта жарылыс болғаннан кейін, Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің мамандары ауа сапасын зерттеуге кіріскенін хабарлаған.

Бірақ олардың қорытындысы шықпай жатып «Қазмырыш» компаниясы жарылыстан «ауаға тек шаң тараған, бірақ ол қауіпті емес» деп мәлімдеген еді.