Жаңалықтар

Рудныйда жедел жәрдем жаяу жүргіншіні қағып кетті

фото: куәгерлердің бірі түсірген
фото: куәгерлердің бірі түсірген

Қостанай облысы Рудный қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көліктегі дәрігерлер дереу көмекке келген.  

Iagorod ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы кеше, 4 мамыр күні болған. Полицияның мәліметінше, жедел жәрдем көлігі Ленин көшесімен жарқылдақ шамдарын қосып келе жатқан. Ал қыз жаяу жүргіншілер өткелімен өтпекші болған.

Аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші Рудный қалалық полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға бригада екінші санаттағы шақыртуға бара жатқан кезде болған.

Айта кететін жайт, Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам сотталды.