
Шығыс Қазақстан облысы Согра ауданында Үлбі өзенінен өтпек болған 2003 жылғы екі жігіт суға батып кетті.
Қайғылы оқиға 3 мамыр күні болған. Куәгерлердің айтуынша, жігіттер ағысы қатты өзенді жүзіп өтпек болған. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, бастапқыда олар үш адам болған, бірақ біреуі ғана жағаға шығып үлгерген.
Суға кеткендердің бірінің мәйіті 4 мамырда Степное ауылының маңынан табылды. Екінші жігітті іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
«Іздестіруге сүңгуірлер жұмылдырылып, дрондар қолданылып жатыр. Құтқарушылардың жұмысына өзендегі су деңгейінің көтерілуі мен ағыстың қаттылығы кедергі келтіріп жатыр», – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Департамент мамандары мұндай қайғылы жағдайларға азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің сақтамауы екенін айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында 2024 жылы жетінші сынып оқушысы Мерлан Сана Жайыққа кетіп қайтыс болды. Содан бері қылмыстық іс үш рет қозғалып жабылғанын, марқұмның анасы әділдік іздеп шарқ ұрғанын жазған едік.