
Шымкентте полицейлер көшеде толғағы басталған әйелге көмек қолын созып, перзентханаға жедел жеткізді.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, қызмет барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне ер адам жүгінген. Ол жұбайының толғағы басталғанын және оны шұғыл түрде перзентханаға жеткізу қажеттігін айтқан.
«Жағдайды дереу бағалаған тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай көмекке кірісті. Арнайы жарық және дыбыс белгілерін қосқан патрульдік көлік қала көшелеріндегі қозғалысты жедел еңсеріп, әйелді перзентханаға қауіпсіз әрі дер кезінде жеткізді», – делінген ақпаратта.
Соның арқасында әйел медициналық көмекті уақтылы алған. Отбасы мүшелері полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді. Қиын сәтте қолғабыс бергеніне ризашылығын жеткізген.
Айта кететін жайт, алматылық әйел өзінің жүкті екенін босанғалы жатқанда бір-ақ білген еді.