Жаңалықтар

ҰҚК шетелде жасырынып жүрген төрт адамды елге қайтарды (видео)

КНБ
Төрт күдікті елге жеткізілді / Фото: Пресс-центр КНБ, бильд-редактор: Аружан Махсотов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген Қазақстанның төрт азаматын елге қайтарды.

«2026 жылдың 7 және 12 мамырында шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы елге жеткізілді», – делінген ақпаратта.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген. Оларға қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

❗️Іздеудегі адамдарды депортациялау туралы || О депортации разыскиваемых лиц

Комитет бұған дейін Астана мен Алматыда азаматтардың жеке деректерін заңсыз сатып келген қылмыстық топ ұсталды