
Маусымнан бастап Қарағанды – Балқаш бағытында жолаушылар пойызы қатынайды.
«Қазақстан темір жолы» хабарлауынша, №220/219 «Қарағанды – Балқаш» бағытының жалпы ұзақтығы – 472 шақырым. Жолда 19 аялдама бар. Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды.
Қарағанды станциясынан таңғы сағат 6:00-де шыққан пойыз Балқаш станциясына 12:48-де жетеді. Ал Балқаш станциясынан 13:45-те шығып, Қарағандыға 20:53-те жетеді.
Бағыт Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек, Сарықұм станциялары арқылы жүреді. Жалпы 6 вагон бар: ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны қарастырылған. Пойызда шамамен 300 орын болады.
Билетті bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.
Айта кетейік, Астана-Омбы халықаралық маршрутында RWS Wagon өндірісінің 45-ші үлгідегі жаңа жолаушылар вагондары қатынай бастады. Пойыз аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды.