
Trade Report мәліметінше, Қазақстан 2025 жылы жалпы сомасы 10,3 млн долларға 2 250 дрон (ұшқышсыз ұшу аппаратын) импорттаған.
Қызығы сол, импорт көлемі бірлік саны бойынша 26%-ға қысқарғанымен, ақшалай мәнде 42%-ға өскен. Яғни, дрондар аз сатып алынғанымен, олардың бағасы қымбатқа түскен.
Қазақстанға дрон импорты
Жалпы көлемі: 2 250 дана ($10,3 млн) | -26% ж/ж (бірлік саны бойынша)
Қазақстанға дрон сататын мемлекеттерді қарасақ, Қытай, әдеттегідей, жаппай нарықты қамтып отыр: 6,3 млн долларға 1 999 дана немесе заттай көлемдегі барлық импорттың шамамен 89%-ы. Бір данасының орташа бағасы – 3,1 мың доллар.
Ресей 243 мың долларға 204 дрон жеткізген. Бұл ең арзан сегмент – бірлігіне 1,2 мың доллардан айналады, әрі РФ негізінен салмағы 250 грамға дейінгі жеңіл аппараттарды жеткізеді.
Вьетнам Қазақстанға 197 мың долларға 26 дрон экспорттаған. Мұнда орташа баға бір дана үшін 7,6 мың долларды құрайды. Бұл Қытай орналасқан тауша (ниша) болғанымен, бағасы едәуір қымбат.
Ал Түркия бар-жоғы 12 дрон жеткізгенімен, оның жалпы сомасы бірден 3,4 млн долларға жеткен. Орташа бағасы – бірлігіне 283 мың доллар. Бұл ауыр өнеркәсіптік немесе арнайы мақсаттағы ҰҰА болуы әбден мүмкін.
Көлемі жағынан нарық толығымен дерлік қытайлық өнімдерге тиесілі, алайда қаржылай тұрғыдан жағдай күрделірек. Түркиялық 12 дронның құны бүкіл Қытай импортының жартысынан асып түседі.
Бұған дейін Kursiv Media Қазақстандағы дрон өндірісі және оның болашағы туралы сараптамалық материал жариялаған болатын.