Жаңалықтар

Си Цзиньпин АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барады

Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Бейжіңде
Си Цзиньпин АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барады / фото: BRENDAN SMIALOWSKI/REUTERS

Қытай халық республикасы төрағасы Си Цзиньпин осы жылдың күзінде президент Дональд Трамптың шақыруымен АҚШ-қа мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

«Президент Трамптың шақыруымен төраға Си Цзиньпин осы күзде Америка Құрама Штаттарына мемлекеттік сапар жасайды», – делінген ҚХР СІМ сайтында жарияланған министрдің сөзінде.

Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп ҚХР-ға жасаған мемлекеттік сапары барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюаньді 24 қыркүйекте Ақ үйге келуге шақырғанын хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп Қытайға соңғы 8,5 жылда алғаш рет сапармен барды.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде келіссөз жүргізіп, Иран, Украина және Тайвань мәселелерін талқыға салған еді