
19 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» болжамы бойынша, еліміздің бірнеше аймағында жаңбыр, қар аралас бұршақ жауып, қатты жел тұрады және шаңды дауыл соғады. Сонымен қатар, кей өңірлерде үсік жүріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашын мөлшері артып, дауыл тұруы ықтимал:
Түркістан облысы мен Шымкентте жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жаңбыр күтіледі. Желдің қарқыны 23 м/с-қа жетеді. Ең бастысы, 19-21 мамыр аралығында таулы өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасу қаупі бар.
Жамбыл облысында өткінші жаңбыр, бұршақ және найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда және Атырау облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с.
Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында Күндіз өңірлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с (Ақтөбеде кей уақытта 23 м/с) дейін жетеді.
Манғыстау облысы Ақтауда жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі.
Еліміздің шығысы мен солтүстік-орталық аймақтарында ауа температурасының төмендеуі байқалады:
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас азғантай жауын-шашын күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Абай, Ақмола және Павлодар облыстарында түнде ауа температурасы 2-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең туман болады.
Қарағанды және Ұлытау облыстары: Сондай-ақ Қарағанды мен Жезқазған қалаларында екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел тұрады.
Алматы қаласында 19 мамыр күні күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қонаев қаласында да батыстан жел соғып, жылдамдығы 18 м/с болады.
Өрт қаупі жоғары аймақтар
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, еліміздің бірқатар өңірлерінде, атап айтқанда Жетісу, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.