Жаңалықтар

Астана мен Қарағанды арасында электр пойызы іске қосылуы мүмкін

Астана мен Қарағанды арасында электр пойызы іске қосылуы мүмкін
Астана мен Қарағанды арасында электр пойызы іске қосылады/ фото: rail-news.kz

Қазақстандықтар демалыс аймақтарына тезірек жетуі үшін Астана мен Қарағанды арасында электр пойызы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 19 мамырда өткен үкімет отырысында айтты.

Сауранбаев электр пойыздарының қозғалысы жеделдетілгенін мәлімдеді. Ол мысал ретінде «Астана-Бурабай» бағытын тілге тиек етті.

«Астанаға ең жақын орналасқан ірі қала – Қарағанды. Қазіргі уақытта арнайы жоба әзірленіп жатыр, біз «Қарағанды – Астана» бағытында электр пойызын іске қосуды қарастырудамыз», – деп толықтырды министр.

Бұған дейін «Астана – Бурабай» бағытындағы электр пойызы жылдамдатылған еді. Енді дәл осындай жобаны Астанаға ең жақын орналасқан Қарағанды қаласы үшін де жасау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астана мен Бурабай арасында да электр пойызы қатынай бастағанын жазған едік.