Жаңалықтар

Қазақстанға Путин келе жатыр

фото: Ақорда
фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға 27-29 мамыр күндері Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

Ақорданың мәліметінше, екі ел басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқыламақ.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.

Мұның алдында 9-мамырда Тоқаев пен Путин Мәскеуде кездескен болатын. Кездесуде тараптар екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді, соның ішінде экономикалық көрсеткіштер мен алдағы мемлекеттік сапардың жоспарын талқылаған-ды.