
Алматы қаласында жасыл желектерді түрлі шыбын-шіркей мен зиянкес жәндіктерден қорғауға бағытталған дәрілеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Жәндіктердің қаптап кетуіне не себеп?
Биылғы маусымда шыбын-шіркей мен өсімдік биттерінің әдеттегіден тыс көбейгені байқалады. Мамандар бұл құбылыстың нақты ғылыми себептерін анықтау мақсатында Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесіп арнайы зерттеу жүргізіп жатыр.
Ғалымдардың алдын ала жасаған қорытындысы бойынша, жәндіктердің күрт көбеюіне мынадай факторлар әсер етеді: температураның ерте көтерілуі жәндіктердің ояну процесін тездетті. Жауын-шашынның көп түсуі зиянкестердің дамуына қолайлы орта туғызды. Жасыл желектің ерте әрі қалың шығуы жәндіктердің қоректік базасын арттырды.
Пайдаланылатын препараттар қауіпсіз ба?
«Дәрілеу кезінде пайдаланылатын заттар биологиялық тұрғыдан тиімді әрі адамдарға, үй жануарларына, құстарға және жалпы қоршаған ортаға зиянсыз. Олар тек мақсатты түрде өсімдік зиянкестерін жоюға арналған», делінген хабарламада.
Қала тұрғындарының жайлылығы үшін өңдеу жұмыстары негізінен адам аяғы саябырсыған түнгі және таңғы уақыттарда жүргізіліп жатыр.