
«Қазгидромет» 26 мамыр күні елдің 17 облысында дауылды ескерту болатынын жариялады.
26 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
26 мамырда күннің екінші жартысында Ақтөбе облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
26 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі.
26 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл күтіледі.
26 мамырда күндіз Ақмола облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
26 мамырда күндіз Павлодар облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
26 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарда, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі.
26 мамырда күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
26 мамырда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда күндіз Абай облысының шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.