Жаңалықтар

Чемпиондар лигасының финалы мен стендап-шоу: Freedom Media бірегей трансляция ұсынады

фото: Freedom media

30 мамыр күні сағат 19:50-де Freedom Media онлайн-кинотеатры Central Stand Up жобасымен бірлесіп, Чемпиондар лигасы финалының эксклюзивті трансляциясын өткізеді. Көрерменді футболдан бөлек, танымал комиктер, арнайы қонақтар мен түрлі ойындар күтіп тұр.

Threads-тен басталған футбол бәсі

Бәрі белгілі стендап-комиктер Шыңғыс Ермек пен Аңсаған Садырхановтың арасындағы тартыстан басталды. Шыңғыс ПСЖ клубына жанкүйерлік етсе, Аңсаған «Арсеналды» қолдайды. Әлеуметтік желідегі әдеттегі футбол дауы тез арада үлкен бәске ұласты. Жеңген адам қарсыласын доппен 10 рет ұрады. Футбол ортасында мұндай ауыр әрі қызықты жазаны қысқаша «сало» деп атайды.

Комиктер бұл бәсті жария түрде бекіткеннен кейін, Central Stand Up пен Freedom Media идеяны үлкен ортақ жобаға айналдыруды жөн көрді. Осылайша, жанды аудитория мен арнайы қонақтар қатысатын іс-шара ұйымдастырылып, бәстің қорытындысы тікелей эфирде көрсетілетін болды.

Тікелей эфирде көрерменді не күтеді?

Трансляция барысында футбол сүйер қауым мен комедия жанкүйерлері үшін арнайы бағдарлама ұсынылады: Комиктер мен қонақтардың қатысуымен финалдық ойынды талқылау. Залдан тікелей қосылымдар мен жанкүйерлердің шынайы эмоциялары.

Freedom Media үшін бұл спорттық трансляциялар форматындағы алғашқы эксперимент емес. Бұған дейін онлайн-кинотеатр бірнеше матчты бір эфирге біріктірген Чемпиондар лигасының мультикаст жүйесін сынақтан өткізген еді. Енді олар финалдық бәсекеге стендап пен тірі шоу элементтерін қосу арқылы контент аясын кеңейтіп отыр.

«Чемпиондар лигасының финалы: Стендап-тартыс» трансляциясы 30 мамыр күні сағат 19:50-де Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Media онлайн-кинотеатрында өтеді. Трансляцияны 5 теңгеге 30 күндік жазылым (подписка) алу арқылы тамашалауға болады.