
Астанада Путин мен Тоқаевтың ресми келіссөздері өтіп, соның аясында екі тарап бірқатар келісімдерге қол қойды.
Атап өтсек, Қазақстан мен Ресей президенті «Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы мен тату көршілестігінің жеті негізі туралы бірлескен мәлімдемеге» қол қойды.
Одан бөлек Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Росатомның бас директоры Алексей Лихачев «Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясын салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге» қол қойды. Сондай-ақ «ҚР аумағында атом электр станциясының құрылысын қаржыландыру үшін мемлекеттік экспорттық кредит беру туралы келісім» жайлы құжат алмасты.
Оқи отырыңыз: АЭС құрылысы 2027 жылы басталады
Қол қойған құжаттар қатарында төмендегідей келісімдер бар:
- ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы ҚР-да «Қазақстан – Сириус» халықаралық жалпы білім беретін мектебін және балалар мен жастардың талантымен жұмыс істеу жөніндегі орталықты құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;
- ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы Омбы қаласындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалында Ресей Федерациясы азаматтарын оқытуға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру туралы келісім;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Федералдық қаржылық мониторинг қызметі (Ресей Федерациясы) арасындағы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға іс-қимыл саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қосымша келісім;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен РФ Орталық банкі арасындағы қазақстандық теңге/ресейлік рубль валюталық свопы туралы екіжақты келісім;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ арасындағы жүк теміржол тасымалын цифрландыруды дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан Ресей экономикасына 29 млрд доллардан астам инвестиция салды