Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинді Тәуелсіздік сарайында қарсы алды

Фото: kursiv.media, Серікжан Қобланбаев

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында салтанатты түрде қарсы алды.

Фото:kursiv.media, Серікжан Қобланбаев

Алдымен  екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Бұл жолы Ресей тарапы үлкен делегациямен келді. Үкімет мүшелерінің құрамында 30-дан аса адам бар, одан бөлек жүздеген ресейлік журналистер де тіркелді.

Фото:kursiv.media, Серікжан Қобланбаев

Мемлекет басшыларына құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады. Қазақстан делегациясының құрамында да үкімет мүшелері, облыс басшылары толық болды.

Фото:kursiv.media, Серікжан Қобланбаев

Салтанатты рәсімнен кейін екі мемлекет басшысы келіссөз залына өтті.

Фото:kursiv.media, Серікжан Қобланбаев

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстардың қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.

Еске салайық, кеше, 28 мамырда Қазақстанға РФ Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды.