Жаңалықтар

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы Ресейде өтеді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы Ресейде өтеді
фото: Серикжан Ковланбаев

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы желтоқсан айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді», – деді ол.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында V Еуразиялық экономикалық форум да өтті. Оның жұмысына әлемнің 44 елінен 3 мыңға жуық адам қатысты.

«Форумның іскерлік бағдарламасына 30-ға жуық іс-шара енді. ЕАЭО-дағы интеграциялық процестердің ең өзекті әрі сұранысқа ие мәселелері негізгі тақырыптарға айналды», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сағынтаев ЕАЭО елдері Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастайтыны айтқан еді.