Экономика

Қазақстан Иран уранын қабылдауға әзір- Financial Times

Иран уран қоры / фото: BBC.com

БҰҰ-ның ядролық бақылау жөніндегі басшысы Рафаэль Гросси жұма күні Financial Times газетіне берген сұхбатында, егер АҚШ пен Иран Тегеранның даулы ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келетін болса, Қазақстан Иранның уран қорларын қабылдауды ұсынғанын мәлімдеді.

Осы аптада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Financial Times газетінің хабарлауынша, қазақстандық көшбасшы өз елінің қару жасау деңгейіне жақын байытылған уран қорларын сақтауға «ашық» екенін білдірген.

60 пайыздық тазалыққа дейін өңделген шамамен 440 килограмм уран америка-израиль шабуылдары салдарынан басталған соғыстағы атысты тоқтату режимін ұзарту туралы АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің басты назарында тұр.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның ешқашан ядролық қаруы болмайтынын мойындауын және оның уран қорларының толық жойылуын талап етуде. Иран болса өзінің ядролық бағдарламасын сақтау құқығын алға тартуда.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Иран арасындағы сауда көлемі 30 пайызға азайды.