
Шығыс Қазақстан облысында Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты.
«Учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылды, тергеу жүргізіліп жатыр», – хабарлады KAZMinerals.
Оқиға 30 мамыр сағат 20:30 шамасында «Шығыстүстімет» ЖШС-ның Артемьев шахтасында тау массасы опырылуы салдарынан болған.
Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.
Бұған дейін Абай облысы Бородулиха ауданында орналасқан KAZ Minerals тобы иелік ететін Орлов өндірістік кешенінің шахтасында кенші қайтыс болды.