Lifestyle

Жаңаарқа халқы Меруерт Өтекешоваға ат мінгізді

Меруерт Өтекешова Қыз-Жібек
Актриса Мерует Өтекешова / фото: auezov-theatre.kz

Ұлытау облысы тұрғындары Қазақтың Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешоваға ат мінгізді.

Жаңаарқа ауданында республикалық «Арқа аруы» республикалық байқауы өтті. Депутат Аманжол Әлтай бұл байқауды дүниеден өткен әйелі Ақмарал Әлтайдың рухына арнап өткізген.

Іс-шараға Жаңаарқадан шыққан азаматтар жиналған. Ішінде Қанат және Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да бар.

Қонақ ретінде Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова шақырылған.

Бұған дейін продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге зейнетақы төлеп отыратынын айтты. Сондай-ақ Алматыдан пәтер сыйға тартатынын мәлімдеді.