Жаңалықтар

Актер Рүстем Жаныамановтың үлкен ұлы қайтыс болды

Рүстем Жанаманов
фото: ашық дереккөзден

Актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманованың үлкен ұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды продюссер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Біздің Рүстем Жанаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала бауыр еттен, бұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», – деп жазды ол стористе.

Қайғылы жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Бұған дейін сұхбаттарында актер ұлының ауырғанын айтқан еді.

Нұрмұхамет Жаныаманның жаназасы екінші маусымда Алматы облысы, Жамбыл ауылында беріледі.

Рүстем және Жанаргүл Жанымановалар – өнердегі танымал жұлдызды жұп. Екеуі үш бала тәрбиелеп отырған. Рүстем көпшілікке «Келінжан» сериалындағы Қылышбек рөлі арқылы жақсы танылды. Биыл ақпанда ол «Үйлену оңай» атты мелодрамаға түскен еді.