
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанды «Штрафстан» деп атағанына қатысты тағы да пікір білдірді. Бұған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқаны себеп болды.
Бұған дейін президент «Елімізді жақтырмайтын, менсінбейтін кісілер, өкінішке қарай, солардың ішінде Парламент депутаттары бар, құқықтық әрекеттерімізді «Штрафстан», «Айыппұлстан» деп атайды екен. Мейлі, өз ойларының келтелігін көрсете берсін. Ал халқымызға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік керек» деді.
«Былтыр мен осындай сөз шыққанда бұл сөздің (Қазақстанның «Штрафстан» екенін – автор) дұрыс емес екенін мойындадым. Парламентіміз дөрекі сөйлемей, мәдениетті сөйлеуге міндеттіміз. Мұны бір жыл бұрын да айттым. Кеше президент мені ғана емес басқа адамдарды да сынға алды. Бұл жұмыс, бұл тіршілік. Президенттің сыни сөзін қабылдап, оны сабақ ретінде қабылдап, әрі қарай жұмыс істеуіміз керек. Қазақстан «Штрафстан» емес, өркениетті мемлекет», – Азат Перуашев.