
Қызылордада 5 маусым күні із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар Медина Мұратқызының мәйіті Сырдария өзенінен табылды.
Құтқарушылар ауқымды іздеу-құтқару шаралары екі күн бойы жүргізген.
Жедел шараларға қарамастан, бүлдіршінді аман табу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізілуде.
Айта кетейік, марқұм Медина 5 маусымда шамамен сағат 18:30-да Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Бұған дейін 3 маусымда Қосшы қаласында қайғылы оқиға орын алды. Нұра-Есіл каналына досымен бірге шомылуға барған 10 жасар бала суға кетіп қалды.