
Apple компаниясының болашақ жиналмалы смартфоны iPhone Ultra (немесе iPhone Fold) дизайнын көрсететін рендерлер жарияланды. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастапқы бағасы 2000 доллардан асатын премиум модель болмақ. Толық ашылғанда ол шағын планшет деңгейінде жұмыс істейді.

Суретті блогер әрі инсайдер Сонни Диксон X әлеуметтік желісінде жариялады. Ол мұны «iPhone Fold макетіне алғашқы көзқарас» деп атады.
Алдын ала мәлімет бойынша, алғашқы жиналмалы iPhone тек бір ғана – ақ түсте шығарылады.

«iPhone Fold макетіне алғашқы көзқарас. Apple компаниясы бірнеше түсті ұсынбайтын сияқты , әзірге қолда бар ақпаратқа сәйкес, жалғыз нұсқа ақ түс болып отыр», – деп жазды инсайдер.
Еске салсақ, осыған дейін сарапшы Мин-Чи Куо iPhone 18 Pro-ға орнатылатын жаңа камера Apple компаниясына қазіргі камера модулінен кемінде 1,5 есе қымбатқа түсетінін мәлімдеді.