
Футболсүйер қауым тағатсыздана күткен басты дода 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым күні басталады. Qazaqstan және Qazsport телеарналары дүбірлі доданы тікелей эфирде жүргізетін комментаторларды таныстырды.
Бұл жолы жанкүйерлер үшін бұрыннан таныс және жаңа есімдерден құралған үлкен шығармашылық топ жұмылдырылмақ. Ресми тізімге Есей Жеңісұлы, Ерсін Ерікұлы, Әлімжан Асқарұлы, Олжас Байбосынов, Руслан Бақытжан, Марғұлан Жақып, Дәулет Сейітбеков, Еламан Әмірғазы, Фархат Қаналы, Айбек Намазбаев және Әзиз Оразбаев енді. Олармен бірге эфир тізгінін Ернұр Дүйсенғазы, Айбек Қабылша, Рауан Оқас, Сергей Райлян, Дидар Қадыров, Ербол Қайыров, Тимур Сулейменов, Дмитрий Нестеренко, Виктор Кирилюк, Дінмұхаммед Төлегенов және Әділет Құсайынов қатар жүргізеді.
Еске сала кетейік, футболдан әлем чемпионаты 11 маусым күні басталады. Алғашқы ойын Мексика мен Оңтүстік Африка арасында өтеді. Барлық ойындардың кестесін сілтеме арқылы көре аласыз.