
Енді АҚШ визасын бұрынғыдай бірнеше ай күтпей, он күнде алуға болады. Ол үшін стандартты 185 доллар жарнаға қосымша 750 доллар төлеу қажет. Бұл туралы Associated Press жазады.
Әзірге бұл сынақ бағдарламасы осы жылдың шілдесінен бастап 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Егер сұраныс көп болса, оны ұзартуы да мүмкін. Бағдарламаға қатысатын мемлекеттер тізімі жоба басталғанға дейін жарияланады.
АР жазуынша, Трамп әкімшілігі соңғы кезде тым қатты қатаңдатқан визалық саясатты жұмсарту үшін жасалып отыр. Бірақ қосымша жарна төлеу виза алуға кепілдік бермейді, тек сұхбатқа жазылуды жеделдетеді.
Еске салайық, биыл қыста АҚШ 75 елдің азаматына виза беруді тоқтататынын хабарлаған еді. Ресейден басқа шектеуге ұшыраған елдер тізіміне Ауғанстан, Бразилия, Мысыр, Иран, Ирак, Йемен, Нигерия, Сомали, Таиланд тәрізді мемлекеттер кірген.