
Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы турында Германия құрамасы «неміс машинасы» екенін дәлелдеп, Кюрасао командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу басынан аяғына дейін неміс футболшыларының толық басымдығымен өтті.
Бірінші тайм
Ойынның есебін 6-минутта Ф. Вирцтің пасынан кейін Ф. Нмеча ашты. Дегенмен, Кюрасао футболшылары оңай беріле салмады: 21-минутта Л. Комененсия таразы басын теңестіріп, жанкүйерлерін бір қуантты (1:1).
Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. 38-минутта Н. Браунның ассисттігімен Н. Шлоттербек Германияны қайта алға шығарса, бірінші таймның соңына қарай (45+5′) К. Хаверц пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.
Екінші тайм
Екінші таймда Германия құрамасы шабуылды үдете түсті:
47 минутта Йозуа Киммихтің пасынан кейін Дж. Мусиала есепті 4:1 қылды.
68 минутта Ундавтың көмегімен Н. Браун бесінші голды соқты. 78 минутта тағы да Йозуа Киммих ассист жасап, бұл жолы Д. Ундав өз есімін таблоға жазды (6:1) 88 минутта ойынның нүктесін Ундавтың пасынан кейін дубль жасаған Кай Хаверц қойды 7:1.
Айта кетейік, Кариб теңізінің оңтүстігінде, Венесуэланың жағалауында орналасқан кішкентай ғана Кюрасао аралы Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр.